Жарнама
Жаңалықтар

Made in Atyrau: Индерлік кәсіпкер ауданды сапалы ауызсумен қамтып отыр

Атырау облысының Индер ауданында 2015 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан «Айдын су» маркалы өнім бүгінде өңірдің су нарығында өз орнын тапқан. Қазір мекеме тіршілік нәрін аудан тұрғындарына ғана емес, мекемелерге де күнделікті жеткізіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

d6891c8b 8b73 4318 9402 0b273c5ce732

«Даму» қорының несиесімен ісін бастаған Нұрболат Рахметқалиев бұл бағытқа таза ауызсуға сұраныстың артуына байланысты келген. Бұрын отбасына қажетті суды Атырауға іссапар кезінде бөтелкелермен тасып жүрсе, бүгінде өзі өндіріп, өңір тұрғындарын сапалы өніммен қамтып отыр.

3fed70c3 46b8 456a a9f5 5ba062ceccf2

-Қазір «Айдын су» маркасымен 0,5; 1; 1,5; 5 және 19 литрлік бөтелкелерге құйылған ауыз су, сондай-ақ алкогольсіз тәтті сусындар шығады. Өнім көлемі – күніне шамамен 1,5–2 тонна. Мұның барлығы Индер жерінің табиғи суы негізінде іске асып отыр. Ресей ғалымдарының зертханасында сараптамадан өткізілген су стандарттарға сай тазартылып, өндіріске жіберілді, — деді «Ахмадияр» ЖШС директоры Нұрболат Рахметқалиев.

Бүгінде серіктестік құрамында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – ауылда кәсіп бастаған азаматтың табандылығы мен мақсаткерлігінің жемісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button