Жарнама
Жаңалықтар

«Мақат-Доссор» жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда

Атырау облысында «Мақат-Доссор» жол учаскесін қалпына келтіру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

31936764_456372814797390_23850511740436480_n

«Мақат-Доссор» жолын қалпына келтіру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Тапсырыс беруші — ҚР автокөлік жолдары комитеті. «Ақтөбе-Атырау» автокөлік жолының 487-504 шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия даму банкі есебінен жүруде. Бөлінген қаржының жалпы сомасы 3,3 млрд теңге, 2018 жылы қалпына келтіруге 2,5 млрд теңге қаралды. Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып, жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47 адам жұмылдырылды, — дейді «Атыраужолзертханасы» РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.

Бүгінде «Атырау-Астрахань» жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277 км-ге жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. Бұл «Ислам» даму банкімен келісім-шарт бекітілуде. Жақын арада жоба қаржыландырылады.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button