Махамбет ауданының тұрғынан 4 кг марихуана тәркіленді

screenshot 3 5 Жаңалықтар

12 желтоқсан күні Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан шаруа қожалығында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 36 жастағы ер адам ұсталды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қожалықта 7 дана қарасора бұтасы мен 2 дана пакетке салынған есірткіге ұқсас кептірілген шөп тәркіленді. 36 жастағы күдікті азаматты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз