Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Мақат ауданында учаскелік полицей көлікпен 2 адамды қағып кетті

Атырау облысының Мақат ауданында учаскелік полицей қызметтік көлікпен 2 адамды қағып кетті. Оқиға 22 қазан күні, сағат 00:30 шамасында орын алған.

ФОТО - ПОЛИЦЕЙ

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Мақат поселкесінде болған. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері жұмыстан шығып, үйіне бара жатқанда жол бойынан екі ер азаматты қаққан. Зардап шеккендердің бірінің жасы 31-де, ал екіншісі 30 жастағы жігіттер.

Бүгінде олар Мақат аудандық ауруханасына жатқызылған. Денсаулықтары бірқалыпты.

Қазіргі таңда учаскелік полицейге қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Айдос Қарабала

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button