1392401017 lyubish razvoditsya

Мақат ауданында алимент берешегі бар 12 адам жұмысқа орналастырылды

Аудан хабарлары Жаңалықтар

Мақат ауданда бір ай бойына жалғасатын «Борышкер» шарасы өтуде. Оның барысында аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, жергілікті полиция қызметі, облыстағы мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы қызметкерлері бірлесе отырып, айыппұлдар мен алименттерді өндіру туралы сот актілерін орындау мақсатында рейд ұйымдастырады.

1392401017_lyubish-razvoditsya

Күні бүгін ауданда 282 алимент өндіру бойынша атқару өндірісі орындалды. Олардың ішінде 116 борышкердің тұрақты жұмыс жасайтыны анықталып, берешектерін қайтару мақсатында түсінік жұмыстары жалғасуда. Мамандардың айтуынша, «Борышкер» шарасы барысында жұмыссыз жүрген 12 борышкер жұмысқа орналастырылып, жалақыларынан алименттерін өтеу мақсатында сот нұсқамасы жолданған. Шара барысында 420 мың теңгенің алимент берешегі өндірілді.

Лена НҰРБАЕВА.

Мақат ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған