ЖЕҢІС ТОЙЫНА – ӘСКЕРИ ШЕРУ

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери шеруге дайындық белсенді жүргізілуде.

Биылғы шеру  бұрын өткізілген шерулерге қарағанда анағұрлым ауқымды болмақ. Шеруге  жеке құрамнан 5000-нан астам адам, 220-дан аса әскери техника мен 85 ұшу аппараты қатысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мазмұндық құрылымына қарай шеру  тарихи және заманауи екі бөлімнен тұрады. Тарихи бөлімде Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери техникалардың 36 үлгісі іске қосылады. Олардың ішінде саны 27 әскери техника және қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбіректі және М-30 гаубицалы ЗиЛ-157, танымал БМ-13 РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі), сондай-ақ, тоғыз ұшу құрылғысы бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз