«Жұлдыз» тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады

img 20201215 wa0149 Жаңалықтар

Атырау қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Құрман Атырау қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданының тұрғындарымен кездесті.

Алдымен ол «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқаратынын айтып, өзін тұрғындарға таныстырып өтті. Содан соң «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттарға тоқталып, алда атқарылар жұмыстарды саралап өтті.

  • Сайлау өтпестен бұрын, жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-тілектерін біліп алу өте маңызды. Осы орайда, осындағы әр тұрғынның пікірі біз үшін аса қажет. Біз соның негізінде алдағы міндеттерді айқындап, жоспар құрамыз. Сондықтан қазіргі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу науқанында «жұлдыздықтарды» қандай мәселелер мазалайтынын білгіміз келеді. Ойларыңызды ортаға тастап, көкейде жүрген сауалдарыңызды қоюға шақырамын. Тарқатылмайтын түйін, шешілмейтін шаруа болмайды. Кез келген мәселені де өзара бірлік пен тірлік, яғни, іздену мен еңбектену арқылы шешуге болады, – деді Нұрбол Оразбайұлы.

Өз кезегінде тұрғындар әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету туралы ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топқа жатпайтын жас жанұялар үшін жеңілдетілген жолмен баспана беру мәселесін де көтерді. Сондай-ақ, өздерін алаңдатқан жайттарды ашық айтып, түрлі сұрақтарға нақты жауап алды.

«Nur Otan» партиясының Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз