ҰЛЫҚТАУҒА ҮН ҚОСТЫ
Флеш-мобта атыраулық жастар Елбасының мемлекетті одан әрі нығайту, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу және Қазақстанның әлем алдындағы беделін нығайту жөніндегі стратегиялық жоспарын қолдап, қуаттайтындарын қолдарындағы шағын Мемлекеттік Тумен «Қазақстан» сөзін жазу арқылы білдірді.
— Бүгінде шаһарда жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Барлық деңгейдегі оқу орындарында жастар саясаты оң бағытта жұмыс жасап келеді. «Болашақ», «Дипломмен –ауылға!» сынды ауқымды бағдарламалардың өміршеңдігі дәлелденді. Бұл, әрине, Ел Көшбасшысының еңбегі. Кешегі өткен сайлауға алғаш рет қатысып, дауысымды елі сенетін тұлғаға бердім. Өйткені, ертеңімді Елбасы Н.Назарбаевпен байланыстырамын. Жастар өздерінің Мемлекет басшысын, оның сарабдал саясатын қолдайды. Бұл – менің таңдауым, — дейді Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің үздік студенті Бауыржан Әділов.
Жастар патриоттық әндерге би билеп, «Егемендік», «Елбасы» деп ұрандатты.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.