АТЫРАУДА ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙ МА?

12543829 Жаңалықтар

Атырау облысында сұйытылған газ қоры жеткілікті.

Облыстық энергетика және Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың мәліметіне сүйенсек, 89 газ құю стансасы бар.

«Президент тапсырмасына сәйкес, Атырау облысында сұйытылған газ бағасы төмендеді. Мәселен, Атырау қаласы мен Махамбет, Индер, Исатай, Мақат аудандарында сұйытылған газ бағасы 50 теңгеден сатылып жатыр. Ал, облыс орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарындағы баға – 55 теңге. Қазір өңірде көліктерге сұйытылған газ құятын 89 станса бар. Оның ішінде 51 станса Атырау қаласында, ал, қалғаны аудандарда орналасқан. Облыста сұйытылған газдың қоры жеткілікті. Қазір 2700 тонна сұйытылған газ бар», -деп мәлім етті Ерлан Назаров.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз