Атырауда шетелдік компания мектеп оқушыларына 1200 компьютер сыйлайды (+ФОТО)

2004131520191059g Жаңалықтар

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырауда #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы аясында NCOC компаниясы мектеп оқушыларына 1200 компьютерді сыйға береді.

«NCOC компаниясы мемлекеттік органдармен келісе отырып, оқушылардың онлайн режимінде білім алуы үшін артық компьютерлерді табыстау арқылы білім беру мекемелеріне қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. 10 сәуірде NCOC өңірдегі мектептердің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен алғашқы 100 компьютерді табыстады. Компьютерлер Атырау облысының білім беру басқармасына мектептерге тарату үшін жеткізілді. Кейін олар жағдайы төмен отбасылардың балаларына жіберіледі» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

2004131520231570g
200413152415396e

Сондай-ақ, таяуда NCOC компаниясы шамамен 1200 компьютерді сыйға тартуды көздеп отыр.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз