Жарнама
Жаңалықтар

Ұлы ерлікке тағзым

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай бүгін Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында өткен Ұлы Отан соғысы боздақтарын еске алуға жиналған халықта қисап болмады.

_EAC1987

Осынау қасиетті мереке соғыс ардагерлеріне, қаһарман жандардың тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған ерлерді еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіске арналды. Саябақ ішінен «Жеңіс күні», «Катюша», «Кестелі орамал» сынды соғыс жылдарында шырқалған әндер асқақтай естіледі.

_EAC1945

Әскери оркестрдің орындауындағы сазды әуенмен сарбаздар ескерткішке гүл дестелерін қойды.

Мереке күні Ұлы Отан соғыс мен тыл ардагерлері, қаладағы мекемелер мен ұйымдардың, ірі өндірістік кәсіпорындар, отандық және шетелдік компаниялардың, кәсіпкәрлік құрылымдарының, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ұжымдары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студент-жастары, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары Мәңгілік алауға бағыт алды.

_EAC1970

Гүл шоқтарын қоюға арналған салтанатта облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтады.

Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге биыл 72 жыл толса да, сұрапыл соғыстың жаңғырығы майдангерлердің әлі есінен кетер емес. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!

_EAC1788

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін! – деп ізгі тілегін білдірді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

_EAC1859

Елуге жуық колоннаны құрайтын атыраулықтар бір минуттық үнсіздікпен Отан үшін кеудесін оққа тосқан боздақтардың жанқиярлық ерлігіне бас иіп, тағзым етті. Қаза тапқан ерлер рухына арнап, қарудан оқ ату рәсімі жүргізілді.

_EAC1912

Гурьев облысынан Отан қорғау үшін майданға 42.5 мың жерлесіміз аттанды. Олардың жартысынан астамы жандарын пида етіп, майдан даласында мәңігілікке қалды. Қазір облыста Ұлы Отан соғысына қатысушы 42 ардагер қалды. Оның 31-і Атырау қаласында тұрып жатыр.

_EAC1776

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне қатысып, жас жеткіншектерді отансүйгіштікке, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде үлестерін қосып, әлі күнге сапта жүрген ардақты ардагерлеріміз – Орынғали Қарасаевты, Закария Сұлтановты, Айдын Айбаровты, Анна Захарованы, Тайыр Ғұмаровты, Александр Смысловты мақтан етеміз. Олар да бүгінгі мерекеде Мәңгілік алау жанына келіп, сұрапыл соғыста шейіт болған боздақтар құрметіне тағзым етті.

_EAC2841

Мұнан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жеңіс саябағындағы «Атырау-Брест» әскери-патриоттық экспедициясы жастарының орындауындағы «Смуглянка», «Темная ночь», «Синий платочек» сияқты соғыс жылдарында окоптар мен блиндаждарда шырқалып, жауынгерлердің ерік-жігерін жаныған, патриоттық рухын көтерген әндерді тыңдады. Соғыс және тыл ардагерлерімен бірге дала асханасына бас сұғып, солдат ботқасынан дәм татты.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button