Атырауда – тегін автобус!

avtobusy atyrau scaled 1 Жаңалықтар

8 наурызда Атырау қаласында жолаушылар қоғамдық көлікте тегін жүрді.

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Атырау қаласы әкімдігінің бастамасымен 8 наурызда қалаішілік қоғамдық көлікте жол жүру тегін болды. Бұл мүмкіндікті жолаушылар таңертеңнен бастап барлық бағыт бойынша автобустардың қозғалысы аяқталғанға дейін қолданды. Әкімдік тарапынан бұл мүмкіндікті тек әйелдер ғана емес, барлық тілек білдірушілер пайдаланды», – деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, бұл туралы Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын барлық кәсіпорын хабардар етілген.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз