Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттың жаны – тілінде

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, Қазақстан халқының саны мамыр айының басында (2016 ж.) 17 млн.733,1 мыңға жетіп, енді жылма-жыл 250 мыңға көбейіп отырса, 2025 жылы-ақ 20 миллионға жетіп қалармыз деген сәулелі үміт бар. Егер, құдай қалап, осы өсім сақталса, қазақ халқының үлесі артып, саны 15 миллионға жетпек.

__лтты__ жаны Ц т¦л¦нде

Бұл – қазақтардың бұрын болып көрмеген жағдайы. Шетелдік бауырларды қоссақ, 20 миллионға жақындауымыз ықтимал. Мұндай жағдайда тіл ғана емес, көп жағдайымыз сапалы өзгерістерге түседі. Халықтың ішінде дарынды, талаптылар үлесі өсіп, ел еңсесі көтеріліп, тың брендтер орын алмақ.

Тіл сол тілде сөйлейтін елдегі үлес салмағына тікелей қатысты. Амангелді Айталы осы мәселеге мынандай деректер келтірген. 1887 жылы Ресей империясы жүргізген санақ бойынша (Түркістан өлкесін есепке алмағанда) қазақтар 71,9 пайыз, орыстар 10,5 пайыз болған. Ал, 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов «елімізде 6 млн. қазақ бар» деп еді. 1959 жылға дейін  осы Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткен қазақтар саны кеми берді: 1920 ж. – 58,5 %; 1939 ж. – 37,8; 1950 ж. – 30%. 1950 жылдары қазақ саны 3 млн-ға жетер-жетпес халде болды. Отыз жетінші жылдары (өсімді былай қойғанда) қазақ халқы 3 млн-ға кеміді. Не болды? Айтып тауыспас сұмдықтың бәрі болды. Бұл – қызыл империяның (коммунистердің) геноциді.

1970 жылдан бастап аз-аздап елімізде қазақтар үлесі (өсімі) біліне бастады. 1970 жылы –32,6%; 1979 жылы –36,8%; 1989 жылы –40%; 1999  жылы –53,4%; 2009 жылы – 63,7%; 2013 жылы – 65%.

Қазақстан Республикасында 11 млн-нан аса қазақ бар, бірақ тіл мәселесіне келсек, мәселе басқаша. 2009 жылғы санаққа сүйенсек, 95,4% қазақ еркін оқиды, 63,2% еркін жазады деген статистика шындықтан алыс. Анығын білу – қиын іс. Білетінім,  қазақ тілінсіз қазақ болып жүргендер пайызы айтарлықтай. Тілсіз қазақтар легі азаяр емес. Қазақтарға бөгде тіл ана тілінің орнын басып бара жатқаны – қауіпті.

Қазақстан жағдайында қазақ басылымдарын, кітаптарын, т.б. оқымаған қазақтарды және қазақстандықтарды сауатты жандар деп айту қиын. Қазақтық туралы ғылыми еңбекті  негізінен қазақ басылымдары айтуда, жазуда. Өзге тілдегілерде алгоритм басқа, үндестік өзге, түсіну таяз, білуге ынта саяз. Бұл – орыс тілінде ғана сөйлеп, жазатындарға  қатысты айтылған уәждер.

Мен – орыс, қазақ тілдерін қатар меңгерген қазақпын. Көптеген әріптестерім, замандастарым неге орыс тілінде ғана сөйлейді, тыңдайды, оқиды, білім алады, білім және тәрбие береді, неге? Олар әлі неге екі тілді қатар меңгермеген, қайдағы үш тілділік? Ойланбай орға жығылу осы емес пе?

Ғарифолла ЕСІМ,

академик, жазушы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button