ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ – ЕҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын, 1991 жылғы желтоқсан айында мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақ елі содан бері соқпақты да, сындарлы жолдан өтті. Егемендігін еншілеген Қазақстан Республикасы бүкілхалықтық референдум өткізіп, ең алдымен еліне тұтқа болар тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президентін – Ұлт Көшбасшысын сайлады. Тарихи қысқа кезеңде елдің заң шығарушы жоғарғы органы – қос палаталы кәсіби Парламентін құрды. Ұлттық валютасы – төл теңгесін шығарды. Мемлекеттің негізгі заңы – Конституциясын қабылдады. Әнұран, Елтаңба, Ту сынды елдігімізді айшықтап, еркіндігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерін бекітті. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына, басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып, Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.

 

Жақында ғана жарияланған Елбасының халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында тәуелсіздік алғаннан бері өткен жолымыз нақты сараланып, алдағы бағыттарымыз айқындалды. Біздің ендігі мұратымыз – Егемендіктің еңсесін түсірмей, Тәуелсіздіктің көк Байрағын көгімізде мәңгілікке желбірету.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз