Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған эссе жазу конкурсы қорытындыланды
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалы төл валютамыз – теңге күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Қазіргі адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы», «Пластикалық карта: жұмсау немесе сақтау» және «Ел экономикасының қалыптасуындағы ұлттық валютаның маңызы» тақырыптары бойынша ең үздік эссе жазу конкурсын ұйымдастырды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізілген конкурс нәтижесін анықтау үшін құрылған комиссия үздік жұмыстарды іріктеп, қорытындысын шығарды. Байқауды қорытындылау және жүлдегерлерді марапаттау шарасы экономика және құқық факультетінің студенттерінің қатысумен өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен І-орынға 4-курс студенті Гүлдинұр Қидырова, ІІ-орынға 2-курс студенті Дәулет Отаров, ІІІ-орынға 3-курс студенті Айдана Сәрсенбай ие болды. ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.
Айбөпе САБЫРОВА