Көлік қозғалысы: ЖАЛҒАН анықтамамен жүргендер көп

olrlrlr Жаңалықтар

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Облыс орталығында күшейтілген карантиндік режим енгізілгенімен, әлі де тәртіпке бағынбай, жауапкершілікті толық сезіне алмай жүргендер аз емес.

Тіпті, кейбір «пысық» жүргізушілер жалған анықтамамен де қаланы шарлайды. Енді бірі түскі уақыттан кейін кеңседе болудың орнына «жұмысқа барамын» деп көлікпен әрлі-берлі қатынауын тоқтатпай жүр. Полицейлер заңға бағынбағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, ескерту беруде. Бірақ, тұрғындардың денсаулығына жауапсыздықпен қарауы әлі де өзектілігін жойған жоқ. Біз бұған тәртіп сақшыларымен бірге бекетте өткізген кезекшілік кезінде көз жеткіздік.

А л д ы н – а л а к е л і с і п , белгіленген уақытта Сәтпаев көшесі бойындағы «Батыс – 28» бекетіне келдік. Өзін лейтенант Данабек Сақуов деп таныстырған тәртіп сақшысына мақсатымызды түсіндіре бастаған сәттеа қ п о л и ц е й Н ұ р с а я ықшамауданынан келе жатқан көлікті тоқтатты. Түскі уақыттың ауып кеткеніне бірнеше сағат болғанына қарамастан, әлгі жүргізуші «жұмысқа бара жатырмын» деп анықтамасын көрсетті. Қолында құжаты болғандықтан полицей жұмыс орнына таңертең 7.00-ден 9.00-ге дейін бару керектігін, кешкі мезгілде 17.00-ден 19.00-ге дейін үйіне жетіп алу қажеттігін айтып, ескерту жасады.

Дәл осындай жағдай әрі қарай да жалғасты. Өкпек желдің өтінде тұрған тәртіп сақшыларының қызметі бір сәт те толастаған емес. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына орай аймақта күшейтілген к а р а н т и н д і к р е ж и м енгізілуіне байланысты олар қала көшелерін тәулік бойы бақылауға алып отыр. Яғни, 12 сағат сайын ауысып, облыс орталығындағы қауіпсіздікті сақтау жолында үлесін қосуда.

– Күшейтілген режим болғандықтан, полиция толықтай жұмылдырылды. Қанша мәрте ескерту жасасақ та, көлік ағыны азаймай тұрғанын байқадыңыз. Шындығында, режим тектен-тек енгізілген жоқ. Алайда, кейбір жауапсыз тұрғындар үйде оқшауланудың орнына көлігімен қаланы себепсіз аралап жүр. Заң бұзғаны өз алдына, денсаулығы мен өміріне немқұрайлы қарағанына таң қаламын, – дейді Данабек Сақуов:

– Тәртіп бұзған жаяу жүргіншілер де жеткілікті. З а ң д ы л ы қ б о й ы н ш а тұрғындар үйінен 500 метр қашықтықтан алыс кетпеуі тиіс. Яғни, осы аралықтағы д ү к е н н е н т а м а ғ ы н , дәріханадан дәрі-дәрмегін алуы қажет. Өкініштісі, жауапсыздар бұл талапты сақтамай жүр. Турасын айту керек, қазіргі таңда қалада дәріхана мен дүкеннен көп нәрсе жоқ емес пе? Соның өзінде, кейбіреулер Вокзал маңы ықшамауданынан Авангард мөлтекауданына «дәріханаға барамын» деген сылтау айтады. Біз қажет болған жағдайда ауруханаға, дәріханаға бара жатқандарды еш кедергісіз жіберудеміз. Бірақ, тек сылтау айтқан сәтте өзі тұрған мекен-жайдың маңынан сатып алуға ескерту беріп, кері қайтарамыз.

Қала көшелеріндегі тәртіптің сақталуы автопатруль арқылы да бақыланады. Біздің бекетке Атырау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Сейфулла Қазиханов келді. Автопатруль арқылы қаланың біраз көшелерін аралап, ахуалмен жіті таныстық.

– Облыс орталығы алты секторға бөлінеді. Барлығында жалпы саны 34 бекет бар. Оған сексен қызметкер тартылған. Сондай-ақ, 16 автопатрульде 40 полицей халық көп шоғырланған аумақтарда жүреді. Жаяу патрульдеу бекеттерінде 68 тәртіп сақшысы аулаларды аралайды. Ал, қала сыртында 4 блок бекет бар. Заң талабын бұзғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабындағы 6-тармақпен жауапкершілікке тартылады. Іс сотта қаралып, шешімі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, – дейді Сейфулла Ғалижанұлы.

Жергілікті полиция қызметі бастығының айтуынша, карантин мерзімі болғандықтан, жұртшылық «тез тағамдарды» үйден тапсырыс беру арқылы алдыруды жиілеткен. Сондықтан, үйге жеткізу қызметінің жұмысы қызып тұрғанға ұқсайды. Тапсырыс алатын кафе, мейрамхана иелері де соңғы уақытта сұраныс көбейгенін, жеткізуге қосымша көліктерді жалға алғанын жасырмайды.

– Өкінішке қарай, қалада әлі адам көп. Біз түсіндіріп айтып та, тәртіпке бағынбағандарды жауапкершілікке тартып та жатырмыз. Ең алдымен, денсаулық өзіміз үшін қажет. Індетпен әлем болып күресіп жатқанда жауапкершілік танытпағанымыз жөн емес, – дейді әңгімелесушіміз жолда келе жатып.

Орталық көпірге жақындай бергеніміз сол-ақ еді, Абай көшесіндегі «Халық банкінің» алдында халықтың көп шоғырланғаны байқалды. Дереу автопатруль рация арқылы тұрғындарға арақашықтық сақтауды ескертті. Содан соң көпір «аузында» жастардың жиналып тұрғанын көзіміз шалды. Оларға да ескерту берілді. Жалпы, облыс орталығы бейнебақылау камералары арқылы да бақыланады.

Такси қызметі – 5 мың теңге

Атырауда түнгі такси қызметі 5 мың теңгеге дейін жолақы сұраған. Аймақтағы жедел штаб пен полиция департаменті түнгі уақытта торуылдау ұйымдастырып, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Рейд барысында такси қызметіне ресми түрде тыйым салынғанына қарамастан, мобильді қосымшалар арқылы тапсырыс қабылдап, адамдарды жеке тасымалдаумен айналысып жүргендер ұсталды. Мысалы, бір жол жүруге таксишілер 3-5 мың аралығында ақы сұраған. Сонымен қатар, торуылдау аясында құқық қорғау органдарына бағынбаушылық пен автокөлікті мас күйде жүргізген деректер де тіркелді.

Талапты неге сақтамаған?

Карантин енгізілгеніне қарамастан, төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтамайтын азаматтар анықталып жатыр. Тек бір тәулік ішінде (18 сәуір) Атырау қаласында полиция қызметкерлері 55 құқықбұзушыны (негізінен автокөлік) анықтады. Ал, 19 сәуірге қараған түні жолаушылар тасымалдаған 24 жүргізуші анықталды. Полицейлер «inDriver» қосымшасы арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан үш жүргізушіні тоқтатты.

Бұл жүргізушілер түнгі уақытта ұсталып, сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылатын азық-түлік жеткізу тәртібін бұзып, жолаушылар тасымалдаған. Аталған барлық тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды(төтенше жағдай режимін бұзу). Материалдар сотқа берілді.

Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушінің басқаруы) бойынша да үш бірдей жүргізушіге хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Айбөпе САБЫРОВА

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз