Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

orig_blog_24825_0

Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Нығмеджан Сапаров осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басқарған.

Нығмеджан Сапаров КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясын «заңгер», «жергілікті және мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Благовещенск жоғары танктік командалық училищесінде қару-жарақ шебері болып бастаған. Түрлі жылдарда ішкі істер және қаржы полициясы органдарында, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің жедел қызмет департаментінде жұмыс істеді. Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы лауазымын 2016 жылғы ақпаннан бастап атқарған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button