Атырау «жасыл аймақта»: Өткен тәулікте 79 адам коронавирустан емделіп шықты

0 33 Жаңалықтар

Атырау облысында өткен тәулікте 33  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 23 жұмысшыдан,  Құрманғазы ауданында 2  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 7-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 79  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 182 адам үй жағдайында емделуде. 


Облыстық инфекциялық стационарда  75  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 336 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, үшінші күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз