Жарнама
Жаңалықтар

ҚҰЛСАРЫНЫҢ ҚҰС ФАБРИКАСЫ

– Жақында екінші құс қораның құрылысы аяқталатын болады, — деді Ә.Балжігітов. – 26 қазанда ол үшін балапандар әкелінеді. Осылайша үш айдан кейін жұмыртқа шығаратын тауықтар 70 мыңға дейін жеткізілетін болады. «Еңбегі сіңген» тауықтар союға жіберіледі. Күніне 163 келіге дейін тауық етін өндіру жолға қойылатын болады.
Қазір біз облыстың жұмыртқаға сұранысының үштен бір бөлігін жауып отырмыз. Алайда осы өнімнің кей бөлігін күн сайын Ақтауға жіберетіндігімізді ескерген жөн. Бүгінде ол жерде ең жоғары бағалар қойылған. Бізде неміс, итальяндық және голландық жабдықтар бар. 2014 жылдың басында біз облыстың бүкіл жұмыртқа өніміне сұранысын жаппақпыз. Әлі де бізде іске қолбайлау мәселелер де бар. Біз бір күндік балапандарды Ресейдің Свердлов облысынан сатып аламыз. Оларды Талдықорғаннан да сатып алуға болатын еді, бірақ оларда балапан таситын көлік жоқ. Ал мемлекет балапандар Қазақстанда сатып алынған жағдайда ғана олардың құнының жартысын төлейді.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы негізінде жұмыс істей бастаған жаңа жоба – Құлсары құс фабрикасы енді облысымызды сапалы тауық өнімдерімен қамтитын болады.

Е.САМАЛЫҚОВ,
Жылыой ауданы.

Related Articles

One Comment

  1. Құс фабрикасы жұмыс жасайды ма қазір? Бізге құс еттері керек еді? Қалай хабарласуға болады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button