«ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» АКЦИЯСЫ – АТЫРАУДА
Жалпыұлттық жоба – Елбасы ұсынысымен қолға алынған тың бастамалардың бірі. Мұндағы мақсат – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы беделін арттыра отырып, еліміздегі ұлт пен ұлыстардың ауызбіршілігін нығайту.
Акцияның ашылу салтанатында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Еркін Қадырғалиев, аталмыш ұйымға мүше – «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Ли, орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Владимир Заверткин және бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының төрағасы Өтепберген Әлімгереев жалпыұлттық жобаның мән-маңызын ерекше атап өтті. Шара барысында бір топ жастар да өз пікірлерімен бөлісті. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Назерке ҮМБЕТОВА,
«Қоғамдық келісім және Достық үйі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
баспасөз қызметінің хатшысы.