Жарнама
Жаңалықтар

Ластанған судан қауіп көп

Махамбет ауданында өр суының көп мөлшерде келуіне байланысты өңірде халықты таза ауыз сумен қамту шаралары күшейтілді.
Жыл басынан бері аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Жайық өзенінен 25 сынама алған. Соның ішінде, мамыр айында алынған сынамалардан елеулі өзгерістер байқалған. Әсіресе, иістенген мал өлекселерінің өзі судың сапасына айтарлықтай күмән туғызған.
Осындай деректерді алға тартқан басқарма басшысы Зирек Орынбек су арқылы таралатын түрлі инфекцияның, бой көтеруі ықтимал жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың қайнаған немесе бөтелкедегі суды ғана тұтынуы қажеттігін қатаң түрде ескертті.
Дәулетқали АРУЕВ
Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button