whatsapp image 2019 11 14 at 15.46.35

Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жаңалықтар Рухани жаңғыру Қоғам

Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Шара  барысында  жазушының өмірі мен туындылары төңірегінде тақырыптар қозғалды. Өз заманында Әбіш Кекілбаев  қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына  зор үлес қосып, Шекспир, Чехов, Толстой шығармаларын  қазақ  тіліне аударған.  Сәйкесінше, оның туындылары да  әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

– Мен өмірде жолым болған адаммын, өйткені, Әбіштей заңғар тұлғаны жеке таныдым. Оның бірнеше шығармасын жолдасым екеуміз мажар тіліне аударған болатынбыз.   Әбіштің жазу шеберлігіне   шығармасы жазылған кітаптардың әр парағы дәлел бола алады. Ол өз заманының  озық жазушысы бола білді , – дейді Будапешттегі қазақ диаспорасының төрағасы Оңайша Мандоки.

Айта кетейік, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белгілі профессорлар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

whatsapp image 2019 11 14 at 15.46.35 1
whatsapp image 2019 11 14 at 15.46.35 2

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған