Қызыл балық «электрондық паспорт» алды
Атырауда Орал-Каспий бекіре өсіру зауыты Қазақстанда алғашқы бекіре тұқымды балық үйірін құруды жалғастыруда. Осы жоба аясында көктемде ауланған 31 қызыл балық «электрондық паспорт» — чип алды деп хабарлады, kazinform.
«Бұл ихтиолог, ғалымдар бекіре шабақтарын өсірумен айналыса отырып, көктемде «қызыл балықты немесе бекірені аулай ма, әлде жоқ па?» деп балықшыларға тәуелді болмас үшін жасалуда. Олар бекіре шаруашылығы зауыты тоғанындағы балықтан шабақтар ала алады. Бұл ғылыми жұмыс биыл балықшылар аулаған қызыл балыққа «электрондық паспорт» — чип берілгеннен кейін басталады. Ақпарат чиптелген балықтың жүзбеқанатының бөлігіне орналастырылған шыны түтікшеде сақталады. Бұл небары 3-4 миллиметр, бұдан балық зардап шекпейді. Зертханада молекулярлық-генетикалық талдау жасалады. Онымен ресейлік әріптестерімен бірлесіп, «ҚазБШҒЗИ» ғалымдары айналысады», деді жергілікті балықшыларға жәрдем көрсету үшін Атырауға арнайы келген ЖШС-ның бас ғалым хатшысы Гүлмира Шалғымбаева.
Бекіре балықтарына берілген генетикалық паспорт бізге жақын туыстық будандастыруды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл арқылы, өз кезегінде, Орал-Каспий бассейнінде балықтың бекіре түрінің өміршең тұқымын алуға болады.
«Өткен жылы чип орнатылған бекірелер мен шоқыр Каспий бекіре балықтары үйірінің негізін қалайды. Оны құру — үш жылға бағдарланған тұтас бағдарлама. Табиғи ортада шоқыр, ақсерке және бекіре азайып қалды. Тоғанда тіршілік ететін балықтар ғалымдарға да олардың өсіп-өнуін қалпына келтіруге көмектесуі тиіс», — деді Шалғымбаева.
Дерек көзі: kazinform