Қымыз бен шұбат өндіріледі
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнім өнімділігін арттыру бағытында Қызылқоға ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекенінен «Абердин-Ангус-Атырау» ЖШС арқылы 500 ірі қара малын бордақылайтын нысан салынуда.
Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Мақсот Мұқанов баяндады. «Бүгінде нысанның құжаттары жасақталып жатыр. Қой және ірі қара малды бордақылаумен айналысатын барлығы 45 шаруашылық бар. «Қызылқоға Бастау» несие серіктестігі мал азығын дайындайтын жылжымалы сервистік дайындау орталығын ашуға қажетті техникалар мен ет және жүн өнімдерін өңдейтін цехтың құрал-жабдықтарын алды. Аталған орталық шілде айының ішінде ашылады» деді Мақсот Сайполұлы. Сондай-ақ, аудан орталығы Миялы ауылынан коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимаратты кәдеге жаратып, шұбат, қымыз өндіретін цех ашу да жоспарланыпты.
Алтыншаш Құрмашева.