Күрестен ел чемпионаты: атыраулықтар жүлдемен оралды!

275488888 3262748097278892 5070653422147712596 n 1 Жаңалықтар

Күрес түрлерінен ел чемпионатында атыраулық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді.

1-10 наурыз күндері Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында күрес түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еркін күрестен жасөспірімдер арасында 68 келіде Ербол Маратұлы жарыс жеңімпазы атанса, 41 келіде Мади Мұханбетов қола жүлеге ие болды.

Ал жастар арасында 97 келі салмақта Бекзат Аманғали күміс, 57 келіде Бекзат Нұрдәулетов қола медаль еншіледі. Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында жалғыз қола медальді 85 келі салмақта Ғарифолла Нұролла жеңіп алды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

275488888 3262748097278892 5070653422147712596 n
275602451 3262748100612225 2189029901477027949 n
275569803 3262748093945559 529288636461438165 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз