Пилоттық аудандар әкімдерін сайлауға байланысты тіркеу процесі аяқталды

cbde1da67905db48392e551b081abef5 original.198977 Жаңалықтар

 2023 жылғы 5 қарашада өтетін пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде 10 қазанда сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Аумақтық сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеді, олардың ішінен 69-н саяси партиялар, 95 – өзін-өзі ұсынды. Тіркелген үміткерлердің орташа жасы – 46,4 жас. Ең үлкен жастағы үміткер Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 61 жаста, ең жас Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 29 жаста. Үміткерлердің көпшілігі ер адамдар. Сонымен бірге 10 әйел тіркелген.

Тіркелген кандидаттардың 20,73%-і – экономистер, 19,51% – заңгерлер, 16,46% – оқытушылар, 12,2% – инженерлер, 11,59% – ауыл шаруашылығы мамандары және 19,51% – басқа мамандықтардың өкілдері. Осылайша, қазіргі уақытта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауындағы орташа бәсекелестік 3-тен аса кандидатты құрайды. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 10 қазан сағат 18.01-де басталып, 4 қараша сағат 00.00-де аяқталады. 4 қараша – тыныштық күні.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қараша күні Атырау облысында Исатай мен Қызылқоға аудандарының әкімдері сайланады.  Дауыс беруге 60 мың азамат қатыса алады. Екі ауданда барлығы 34 сайлау округі бар. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз