Колледжін балағаттаған студенттер баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр

kd dt8nWpX4 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Жиында теріс діни ағымдардан жапа шеккен адамдарды қолдау, жастардың бойына ұлтжандылықты сіңіру, ұлттық құндылықтарды мен тарихи-мәдени мұраларды насихаттау сөз болды.

kd-dt8nWpX4

Жиналыста Атырау қаласы мен аудандар әкімдері және Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі баяндама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан істерді айтты.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы Лаура Меңдіғалиева жастарды жат діни ағымдардың әсерінен қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау бағытында жұмыс істеліп жатқанын айтып, бірқатар жобалардың нәтижесімен таныстырды. Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешов жат ағымдардардан жапа шеккендерге қолдау көресету үшін құрылған “Дағдарыс орталығының” атқарған қызметі туралы баяндады.

Жиын барысында облыс әкімі жастарды ұлтжанды, елін сүйетін патриот азамат қылып тәрбиелеудің маңызы зор екенін айтты. Кеңесте өзі оқыған білім ордасын балағаттап видео түсірген жастардың жайы да сөз болды.

“Бұл факті бізде қандай мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Өкінішке орай, өз араларында осыны мақтаныш қылып, осылай жүргендеріне, осылай сөйлегендеріне рахаттанып, соны жетістік ретінде қабылдап жүрген жастар да бар. Ең қиыны, ең сорақысы сол. Сондықтан, жиналыс барысында көтерілген мәселелерді, қойған тапсырмаларды орындағанда осындай келеңсіз жағдайлардың алдын аламыз. Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар, межелер, қоғамның тазаруына, жаңғыруына септігін тигізетін шаралар. Сондықтан, кеңеске қатысып отырған ардагерлерімізге, барлық азаматтарға бұның сіздердің, біздердің – баршамыздың ортақ ісіміз екенін естеріңізге саламын”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, жиналыс кезінде Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова өздері оқыған білім ордасын балағаттап видео түсірген оқушылар мен олардың ата-аналары бүгін Атырау уақыты бойынша 15:00-де баспасөз-мәслихатын өткізуді жоспарлағанын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз