Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Күн суытады: алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл.  Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында бүгін түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін нөлден төмендейді.

«Қазгидромет» синоптиктері 23-25 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстанның батыс бөлігіне ығысқан антициклон көп ұзамай ел аумағынан тысқары кетеді. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келіп, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын мол түседі, ауа температурасы климаттық нормадан 2-6 градус төмен болады, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бүгін түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін нөлден төмендейді», — деп мәлімет берді «Қазгидромет» инженер-синоптигі Жанар Серлібаева.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 23 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы, ал күндіз 14-16 градус нөлден жоғары болады. 24 мамырда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с болады, түнде ауа температурасы 6-8 градус жылы, күндіз плюс 19-21 градус. 25 мамырда оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 9-14 м/с, ұйытқуы – 15-20 м/с болады, ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз плюс 16-18 градус.

Алматыда 23 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, желдің екпіні 2-7 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус нөлден жоғары, күндіз плюс 22-24 градус. 24 мамырда ауа райы жауын-шашынсыз, желдің екпіні 0-5 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус жылы, күндіз плюс 23-25 градус. 25 мамырда оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні 2-7 м/с, ұйытқуы 12 м/с, ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 23-24 градус.

Шымкент қаласында 23 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз плюс 25-27 градус. 24 мамырда оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы. 25 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button