“KPI Inc.” ЖШС, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі және Мақат ауданының әкімдігі үш жақты меморандумға қол қойды

b5452784 b5bc 4d8b 95f0 880c606953f1 Жаңалықтар

KPI Inc.” компаниясы мен Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі және Мақат ауданының әкімдігі әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Білікті кадр дайындау мақсатында қол қойылған үш жақты келісім шеңберінде инженерлік-педагогикалық бөлімнің студенттері кәсіпорында тағылымдамадан өту, болашақ мамандардың практикалық білімін арттыру, газ-химия кешенінің кадрларының білім орнында дәрістер оқуын ұйымдастыру секілді бірлескен жұмыс атқарылады.

Жиын барсында “КРІ Inc.” компаниясының 

өндіріс басқару қызметінің басшысы

Бақытжан Қаналиев еліміздегі газ-химия кешенінің ұжымы мұнай және газ технологиялық колледжі студенттерінің 

теориялық білімін практикамен ұштастыруға ықпал етуге қашанда дайын екендігін айтты.

—Мақат колледжінің мұнай-газ саласына маман дайындауда тәжірбиесі мол. Оқу орны 11 жыл ішінде 10 мыңдай студентті мұнай-газ саласы үшін даярлаған. Газ-химия саласы елімізде енді-енді дамып келе жатқандықтан, бізге жергілікті кадрлардың біліктілігі өте маңызды. Сондықтан жақында оқу орнымен бірге кәсіби практиканы, дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырамыз. Бірлескен жұмысымыз нәтижелі болатынына сенімдімін,-деді ол.

Мақат колледжіне 2022-2023 оқу жылында 371 студент білім алса, олардың 199-ы мемлекеттік грант иегерлері. 

Анықтама үшін:

КРІ кәсіпорны бүгінде 631 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның 80% жергілікті тұрғын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз