Жарнама
Жаңалықтар

Өзеннен әлі қауіп бар

Жайық өзенінің деңгейі Атырау қаласының гидропостында 6 метрге таяп қалды. Мұнда бір тәулікте 3 сантиметрге өсіп, жалпы деңгейі 598 сантиметр болды. Қауіпті көрсеткіштен 48 сантиметрге асқан. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Құзырлы мекеме өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Индербор кенті тұсында өзен суы 7 сантиметрге төмендеді. Жалпы деңгейі 975 сантиметрді көрсеткенімен, қауіпті мөлшерден 130 сантиметрге әлі артық. Ал Махамбет кенті маңында су деңгейі өзгеріссіз, мұндағы көрсеткіш 1020 сантиметрде тұр. Алайда, шекті деңгейден 170 сантиметрге көп.

Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button