Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көшелерді Құнанбай, Зере, Ұлжан, Ділда деп атасақ…

Аtr.kz/15 маусым, 2020 жыл. Қазақтың маңдайына біткен ұлы ойшыл ақын Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өту бағытында бірқатар ұсыныстарым бар.

Біріншіден, ақын есімі өзінің туған жерінде айрықша ұлықталуы тиіс. Соның ішінде көшелерді Құнанбай, Зере, Ұлжан, Ділда, сондай-ақ, Абайдың достары Бегеш пен Көкбайдың және басқалардың да есімдерімен атаса артық болмас еді.

Екіншіден, келешекте Семей қаласына маңыз беріліп, облыс атанып жатса, онда, «Абай облысы» деп атауға әбден болар еді. Үшіншіден, «Абайға – 175 жыл» бағытында ескерткіштер бой көтеруі керек. Қолөнер бұйымдары мен кәдесыйлар дайындалса құба-құп. Бұл іске жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторларды да тарту қажет.

Сапи МАТАЙҰЛЫ,

тыл ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button