Көшедегі әжелердің сырғасын құлағынан жұлып, ломбардқа өткізген

5c1da430e7cc82aff46488a8f48d6819 Жаңалықтар

Алматыда апалардың құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды.

37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Айтуынша, ол әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз