COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам
Коронавирустан балаларды қалай қорғаған жөн?
Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров балаларға жоспарлы вакцина салу қажеттігін ескертті.
Оның мәліметінше, қазір «екінші толқыннан» балаларды сақтандырудың алдын ала шаралары қабылдануда. «Тұмау, суықтау сынды инфекция түрі күзде, қыста күшейеді. Сондықтан, вакцинация жасалуы керек.
Жалпы балалардың алдын ала иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді. Мәселен, ересек адамдарға тұмауға қарсы екпе салынатын болса, балаларға жоспарлы вакцина бар», деді Нұрлыбек Қабдықапаров. Бұдан бұрын Атырауда емханалар жоспарлы емдеуді бастағанын жазған болатынбыз.
«ҚазАқпарат»