Қоғам

ЗАМАНАУИ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ КЕРЕК

Марат Рафикұлының айтуынша, көптеген облыстар қазірдің өзінде байланыс желілерін көбейтіп, қай мезетте де телефон соға алатын желілер орнатқан. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 12 бірдей тікелей желі жұмыс істейді.
Әрине, шұғыл қызметтерге телефон орнатқанда халықтың жалпы саны да есепке алынады екен. Алайда, химиялық, өндірістік нысандардың көп болуы жауапкершілікті еселей түсетіні даусыз. Бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті екі арада тікелей байланыс желісін орнату үшін ұсыныс жасап шыққан мекемелердің ішінде «Кегок» және «Атырау-Жарық» ұйымдары оған қаражат бөлудің өздері үшін тиімсіздігін айтып, жауап беріпті. «Дөңгелек үстелде» аталған ұйымдардың өкілдері мәселенің тек қана химиялық өнеркәсіптерге қатысы бар деп қабылдап қалғандарын айтып ақталды.
«Қазақтелеком» АҚ пайдалану жөніндегі техникалық директорының орынбасары Асхат Уташев абоненттердің әрқайсысымен желі жүргізудің қаржылық жағынан аса қымбатқа түсетінін айтып, «ыстық желі» жүргізудің тиімді болатынын жеткізді. Бұдан әрі жұмыстың техникалық жағына тереңдеп тоқталған А.Уташев желі орнату шығындарын да атай кетті. Себебі, тұрғындар үшін төтенше жағдай телефондары тегін болғанмен, оның орнату және абоненттік ақысы уақтылы төленіп тұруы тиіс.
ОТЖД бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы Сәлімғали Салықбаев кейбір «қалжыңқойлардың» қылығы операторларға кедергі келтіретіндігін де жасырмады. Олар желінің арғы жағында бірнеше минут бойына үндеместен тұруға бар. Соның салдарынан, телефон бос болмай, жанұшырған кісілер төтенше жағдайлар мекемесіне қоңырау шала алмауы мүмкін. Уақыттың тапшылығы әзірге әлгіндей оспадарларды қолға түсіріп, жазалауға мүмкіндік бермей тұр екен.
Төтенше жағдайлар қызметінде жедел желіні орнатудың техникалық жай-жапсарын тараптар тағы бір талқылап, нақты ұсыныстар беретін болып тарасты.

Құралай ҚУАТОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button