Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы салынатын екпе неге тегін болмайды?

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Covid-19-ға қарсы екпенің неліктен бәріне тегін болмайтынын министрлік түсіндіріп берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы екпенің неге қазақстанықтардың бәріне бірдей тегін болмайтынын түсіндірді.

  • «Көптен күткен COVID-19-ға қарсы екпені неге тек тәуекел тобындағылар ғана алады? Бұл халықтың 10 пайызын құрайды. Ал, біз бар болғаны 19 миллион ғанамыз. Азаматтар оны міндетті медициналық сақтандыру қорының немесе кепілдендірілген тегін медициналық көмек есебінен неге ала алмайды?» деп сұрады журналист ОКҚ-де өткен брифингте.

Қожахметов дені сау тұрғындардың тегін және бірінші кезекте егілуге тиіс адамдардың тобына қосылудың не қажеттілігі барын білмейтінін айтты.

  • «Қазақстанда дәстүрлі тәуекел тобын құрайтын 2,2 миллион адам бар. Бұлар – жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларына шалдыққандар, 65 жастан жоғарылар, қант диабеті мен басқа да аурлары барлар. Сондықтан, дені сау адамдардың бұл топқа кіруге тырысуы қаншалықты дұрыс екенін білмеймін. Өйкені, белгілі әлеуметтік ережелер мен заңдар бар ғой» деді ол.

Қожахметов дені сау және жұмысы бар адам өзін өзі қамтамасыз етуге тиіс екенін айтып өтті. Соның ішінде, екпемен де.

  • «Бұл менің жеке пікірім. Көптеген азаматтар мұны дұрыс қабылдайды деп ойлаймын» деп нақтылады ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button