Атырауда жасырын той өткізетіндер көбейген

5efaa4687fbdd006966999 Жаңалықтар

Қалалық және аудандық әкімдік аппараттарының өкімдерімен облыс аумағында рейдтік шараларды жүргізуге бағытталған 64 мобильді топ жасақталған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тұрғындармен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында рейдтер, сондай-ақ карантиндік шаралардың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізілуде.

2021 жылдың 1 қаңтары мен 2 шілдесі аралығында жалпы саны 10 124 рейдтік тексеріс өткізілген. Маусым айында 1 097 рейд жүргізіліп, 4 110 нысан тексерілген. Олардың ішінде Атырау қаласында шектеу шараларын бұзған 22 нысан анықталса, Жылыой ауданында 7 нысан шектеу шараларын бұзған. Қызылқоға ауданында карантин талаптарын бұза отырып той жасаған 8 нысан тіркелсе, Құрмағазы және Исатай аудандарында бұл көрсеткіш төртеу. Мақат және Махамбет ауданындарында 3, Индер ауданында 2 факт тіркелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз