![Коронавирус жұқтырушы науқастың бірімен байланысқандардың видеосы тарады 1 super.ua 1538566840 1024x538 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2020/03/super.ua-1538566840-1024x538-1.jpg)
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Коронавирус жұқтырушы науқастың бірімен байланысқандардың видеосы тарады
Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысында карантинде оқшауланған коронавирус жұқтырушы науқастың бірімен байланысқандардың видеосы әлеуметтік желілерде таралып кеткен.
Науқаспен тығыз байланыста болғандар – оның бес адамнан тұратын отбасы мен жақын туыстары. Бүгінде жұқтырған адам да, оның отбасы мүшелері де оқшаулау бөліміне, дәлірек айтсақ, №2 облыстық ауруханаға орналастырылған. Қазіргі уақытта олардан коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексеріліп, жақын арада тест нәтижелері күтілуде.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі