ІСКЕРЛІК ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Каспий құбыр консорциумы» компаниясының бас директоры Николай Бруничті қабылдады. Тараптар компанияның атқарып жатқан жұмыстарын кеңінен талқылады.

 

Облыс басшысы компанияның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына көрсетіп отырған қолдауларын жоғары бағалады.

– Біздің аймақтың дамуына қолұшын беріп, үнемі көмек көрсетіп келген «Каспий құбыр консорциумы» компаниясына алғыс білдіремін. Бүгінгі таңда көмірсутек шикізаты бағасының түсуі экономиканы дамытуға кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес. Осындай кезде сіздердің қолдауларыңызды сезініп отырмыз, – деген аймақ басшысы екі тараптың біріккен жоспарлары сәтті жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Ал, «Теңіз-Новороссийск» құбыр желісі арқылы мұнайды тасымалдаумен айналысатын компанияның бас директоры өңір басшысымен кездесу барысында алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз