COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 60 пайызында ауру симптомсыз өтіп жатыр
Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтіп жатыр, 13%-ында орташа ауырлық дәрежесі белгіленген.
21 науқастың жағдайы ауыр, 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. COVID-19 елімізде анықталған сәттен бастап қайтыс болған 19 адамның созылмалы аурулары болды.
Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды, олардың 98%-ы табылып, оқшауланды. Жалпы, Қазақстан бойынша вирусты жұқтыру өсімі апта ішінде 10% шамасында құбылып тұрды, өткен тәулікте өсім 8%-ды құрады.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы