Қарулы күштер Бас штабының бастығы Атырау гарнизонындағы әскери нысандарды тексерді

img 6140 Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов әскери инфрақұрылым нысандарына барып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықовты таныстырды.

Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Бауыржан Шұбайұлын таныстыра отырып, оған әскерлердің алдына қойылған міндеттерді тиімді орындайтынына сенім білдіріп, оларды шешуде жетістік тіледі. Бұдан бөлек ол осыған дейін «Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарған генерал-майор Дәулет Оспановқа алғысын айтып, оның әскерлердің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметтік үй-жайларды, жаңа модульдік казармаларды және 41433 әскери бөлімінің санитарлық бөлімін тексерді. Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскерге шақыру пунктінің ғимараты ашылды. Бас штаб бастығы сонымен қоса аумақтық қорғаныс объектілерінің құрылысын тексеріп, «Қаработан» полигонының инфрақұрылымын қарады. Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Батыс» ӨңҚ әскерлері әскери бөлімдерінің командирлерімен және басқарманың жеке құрамымен кездесу өткізді.

2024 оқу жылындағы Қарулы күштерді даярлаудың негізгі іс-шараларын және командалық құрамға қойылатын талаптарды айта отырып, жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі және әскери инфрақұрылым объектілерін жайластыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз