AMANAT партиясының қатары толықты

1bdc990d 4802 4cb8 850a ef50e8e34951 Жаңалықтар

«Атырау мұнай өңдеу  зауыты» ЖШС-де партия мүшелері мен  ардагерлері, Атырау қалалық мәслихат депутаты Айжан Сарсембаева  және зауыт басшыларының қатысуымен «AMANAT» бастауыш партия ұйымының  жиналысы өтті.

“АМӨЗ” ЖШС-нің «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебалының айтуынша, 735 зауыт қызметкері партия мүшелігіне өткен. 2018 жылы республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «АМӨЗ» ЖШС «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атанған.

-Біз партияда беделі мінсіз және белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар ғана қалуы тиіс деп есептейміз. Партия мүшелерінің санына емес, сапасына көңіл аударамыз, – деді Бақыт  Мұлхайдарқызы.

«АМӨЗ»-дік партия мүшелері  партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Жастар Отанға», «Бақытты отбасы», «Сәтті қадам», «Халыққа көмек» жобаларына үлкен белсенділікпен атсалысқан.  жүзеге асырылуда. Бұл жобалар өз тиімділігін дәлелдеді.

Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында зауыт ардагерлеріне арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырса,  «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсеткен.

Өз кезегінде сөз алған «АМӨЗ» ЖШС-нің бас директорының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен Атырау қалалық мәслихат депутаты Айжан Сарсембаева бастауыш партия ұйымының есепті мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстарын жоғары деңгейде бағалады.

Жиын барысында  партия қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге партия билеті табысталып, белсенді партия мүшелері «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз