«Атырауға» алты ұпай қайтарылды

атырау 6 Жаңалықтар

«Атырау» футбол командасының жанкүйерлеріне жағымды жаңалық – ФИФА-ның тәртіптік комитетінің шешімімен алынып тасталған тоғыз ұпайдың алтауы кері қайтарылды. Клуб директоры Тимур Нигимов бұл ақпаратты растап, өткен жұма күні осындай шешім шығарылғанын қуана хабарлады.

атырау 6

– Маусым қарсаңында ФИФА шешімімен 2012 жылдан бергі жинақталған қарыз салдарынан командадан тоғыз ұпай алынып тасталған болатын. Бұл мәселеге қатысты клуб Лозаннадағы төрелік сотқа кінәрат-талаптарын жеткізді. Өйткені, мұнда өзіндік мәселелер де болды. Сондықтан, біз өз мүддемізді соңына дейін қорғауға бел будық. Осы орайда, ФИФА мәселені төрелік сотқа дейін жеткізбей, шешімін өзгертті, – дейді клуб директоры Тимур Нигимов.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Сурет «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз