Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирус инфекцияcы инсульт пен эпилепсия тудыруы мүмкін

Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. «Неміс ғалымы Франк Эрбгут — Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі COVID-19-дың салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді» деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін. Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті.

Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button