FTK 5042

Мемлекеттік қызмет мінсіз атқарылса…

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/29 тамыз, 2019 жыл. «100 нақты қадам» − Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, яғни мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталды. Осы орайда, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Atyraý» газетінің редакциясы ұйымдастырған интернет конференцияда оқырман тарапынан түскен сауалдарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ жауап берген болатын. Төменде әлеуметтік желілер және электронды пошта арқылы оқырмандардан түскен сауалдардың жауаптарын ұсынып отырмыз.

2094ea5e f526 4084 b674 516b44dd16fb

− Жақында мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсырдым. Сынақтан өте алмадым. Енді екінші рет қашан тапсыруыма болады?
− Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге шектік мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі. Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін ғана жол беріледі.
− Мемлекеттік қызметшінің мансаптық өсуі қалай жүзеге асырылады?
− «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға қатысты бірқатар міндеттер жүктелді. Соның бірі меритократия қағидасы. Мемлекеттік қызметшінің мансаптық өсуі меритократия қағидасы арқылы жүзеге асырылады. Меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбегі мен жетістігін мойындау, оны қабілеті мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету. Мемлекеттік қызметке үміткерлер үш сатылы іріктеу жүйесінен өтеді. Қызметтік саты ең төменгі лауазымнан басталады. Ал, одан әрі жоғарылау үшін төменгі лауазымда жұмыс өтілі болуы керек. Ерекше айта кетерлігі, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоғарылауы тек қана конкурс арқылы жүргізіледі. Бұл – сол мекемедегі білікті, өз жұмысын жақсы атқаратын азаматтарды көтермелеп, қызметтік өсуіне жол ашу.
− Мемлекеттік қызметшілер әдебі туралы айтып берсеңіз…
− Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер: 1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салтдәстүрлеріне құрметпен қарауға; 2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға; 3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; 5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға; 6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға; 7) өзінің іс-әрекетімен және мінезқұлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға; 9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға; 10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға; 11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға; 12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға; 13) заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге; 14) іскерлік әдепті және ресми мінезқұлық қағидаларын сақтауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
− Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» деген еді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының барысы қалай?
− Биылғы жылдың алты айында Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен 971555 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 11,4 % (111028) қағаз түрінде, 4,1 % (40792) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілсе, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 84,5 % (819 735) құрап отыр. Осы орайда қазір мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біртіндеп интеграциялау (ықпалдастыру) арқылы электронды қызметтерді одан әрі дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
− «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына с ә й к е с ж а л п ы конкурс өткізуге байқаушы ретінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілінің қатысуы міндетті ме?

− Ережеге сәйкес, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
− Сондайа қ , қ ұ р ы л ғ а н к о м и с с и я н ы ң қалыптастырылған сұрақтар тізбесін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қадағалай ма? Бұл қандай тәртіппен жүзеге асады?
− Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін бейінді, ситуациялық және уәждемелік сұрақтар тізбесін, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттiк органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады. Сонымен қатар, әңгімелесуге уәкілетті органнан қатысқан өкіл әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз пікірін ауызша немесе жазбаша түрде білдіре алады.

− Жалпы конкурсқа қатысушыларға қ о й ы л а т ы н сұрақтарда шектеу бар ма? Қойылатын сұрақтардың қаншасы бейінді, қаншасы ситуациялық, қаншасы уәждемелік болуы тиіс?
− Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Конкурсқа қатысатын және бос лауазымға орналасуға арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында оған үміттенген бос лауазымға байланысты сұрақтар қойылады. Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.
− Конкурсқа қатысушыға комиссия мүшесі немесе байқаушы ретінде қатысып отырған тұлға комиссияның қалыптастырылған сұрақтар тізбесінен бөлек сұрақтар қоюға құқы бар ма?
− Конкурс комиссия мүшелері үміткерге бекітілген сұрақтар шеңберінде қоя алады. Ал, байқаушылар әңгімелесу процессінде үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануына жол берілмейді.
− Тестілеуден өтіп, мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасу үшін конкурсқа қатыстым. Бірақ, әңгімелесуден өтпей қалдым. Енді басқа мемлекеттік мекемелерге конкурсқа қатыса аламын ба? Бір жылдың ішінде неше рет қатысуға мүмкіндігім бар?
− Әрине. Басқа мемлекеттік органдарда бос орын болған жағдайда конкурсқа құжаттарыңызды тапсырып, қатыса аласыз. Бір жылдың ішінде конкурсқа қатысу санына шектеу қойылмаған.
− Мемлекеттік қызметте конкурс арқылы басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда сынақ мерзімі қойыла ма?
− Сынақ мерзімінен өту ережесіне сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі белгіленеді. Бұл үш айды құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке үзіліссіз келген жағдайда сынақ мерзімі белгіленбейді.
− А у д а н ғ а әкімдікке бас маман болып жұмысқа орналасу үшін еңбек өтілі керек пе?
− Қала, аудан және селолық округтердегі бас маман лауазымына жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе сол санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік
білімі барларға рұқсат етіледі.
− Жақында тестілеу тапсырып, жеке қасиеттерін б а ғ а л а у т е с т і н е н ө т п е й қалдым. Енді қашан тапсыра аламын?
− Ж а ң а өзгерістерге орай, егер жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен 50%дан төмен нәтиже алсаңыз «өтпеді» деп таныласыз. Енді 1 ай мерзімнен кейін қайта тапсыра аласыз.
− Тестілеуден өткеннен кейін м е м л е к е т т і к қызметтегі бос орындарды қалай білеміз?
− Тестілеудің оң қорытындысын алғаннан кейін, qyzmet.gov сайтынан өңірлік деңгейдегі бос орындарды (өзіңізге қажетті қаланы таңдайсыз) таңдау арқылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды көре аласыз.
− Басқармаларға ж а р и я л а н ғ а н к о н к у р с т а р ғ а тестілеуден өткен сертификат қажет екен. Қай санатқа тапсыруым қажет? Басқарма мамандары қай санатқа жатады?
− Басқарма мамандарының санаты Д-О-4. Сіз тестілеуге жазылу кезінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бағытының 2 бағдарламасын таңдай аласыз.
− Мен мемлекеттік қ ы з м е т ш і м і н . « Е – қ ы з м е т » жүйесінде бұрынғы жұмыс орнының атауы бойынша ақпарат дұрыс енгізілмеген. Оны жеке кабинетіме кіріп, өзгертуім керек пе?
− Жеке істерге байланысты өзгертулерді тек персоналды басқару бөлімінің (кадр) маманы ғана жүргізе алады. Персоналды басқару бөлімінің маманына дұрысталуы қажет ақпарат бойынша ескерткеніңіз жөн. Сіздің жүйеде жеке істеріңізбен кез келген уақытта танысуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
− Мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеуге қ а й ж е р г е тіркелеміз? Оны қай мекен-жайда
тапсырамыз?
− Тестілеуге өтініш білдіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалдарына жүгіну арқылы немесе азаматтардың өзінде электронды цифрлы қолтаңбасы болған жағдайда «E-gov» порталы арқылы үйден шықпай өтініш білдіруге болады. Азаматтар тестілеуге өтініш білдіру кезінде өзіне ыңғайлы күнін, уақытын және қаланы таңдауға мүмкіндігі бар. Атыраудағы тестілеу орталығы Ж.Молдағалиев көшесі, 29А («Атырау-Ақпарат» ғимараты), 4 қабат, 409 кабинетте орналасқан.
− Конкурсқа құжат тапсыр у ү ш і н о н ы нотариусқа апарып, көшірмелерін растау қажет пе?
− Құжаттардың көшірмелерін персоналды басқару (кадр қызметі) маманы түпнұсқалармен салыстырып тексереді және растайды.

Жазып алған:

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған