«7-20-25»: АТЫРАУДА 133 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ipoteka bishkek Жаңалықтар

Atr. kz / 14 – ақпан. «7-20-25» бағдарламасы аясында Атырауда 133 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін Атырауда өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында аймақ басшысының бірінші орынбасары Серік Шапкенов мәлімдеді.

ipoteka bishkek

Спикердің айтуынша, аталмыш жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама аясында 256 өтінім келіп түскен. «Бұл 3 миллиардтан астам қаржы. Қазіргі таңда 150 өтінім мақұлданып, 133 несие нақты берілді» деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Және де ол облыс әкімдігінің азаматтардың белгілі бір санатына алғашқы жарнаны азайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Айта кетелік, қазіргі таңда Атырауда тұрғын үй аумағына 1400 га жер белгіленді. Аталмыш аумақта болашақта 430 көп қабатты тұрғын үй салынады деп күтілуде.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз