Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирус: 11 науқастың жағдайы ауыр

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді. Министрдің айтуынша, дүние жүзінде коронавирус жағдайы нашарлап келе жатыр. Науқастар саны 8,4 пайызға өсті, әлем бойынша бұл індеттен 53 мың адам көз жұмған.

«Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 453 жағдай тіркелген. Оның ең көбі Нұр Сұлтан (199) және Алматы (93) қалаларында. 29 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазір 11 науқастың жағдайы қиын. Олар интенсивті реанимация бөлімдерінде ем қабылдап жатыр. 68 пациент — орташа деңгейде, 341 пациенттің жағдайы жеңіл немесе симптомсыз науқастар», — деді Е. Біртанов.

Осы науқастармен байланыста болған 13 467 адам анықталған. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кеткен.

«Қалған 13025 азаматтың 96,7 пайызы табылып, стационарға және үйге оқшауланды. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр», — деді министр.

«ҚазАқпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-kadrly%d2%9b-%d3%a9zgeris/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button