Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

КОРОНА КҮЙЗЕЛІСІнен арылу үшін не істеу керек?

Atr.kz / 10 шілде, 2020 жылКоронавирус қоғамның санасы­на қалай әсер етті? Карантин кезінде күйзелістен арылу үшін не істеу керек? КВИ таралуына байланысты көмекке жүгінген адамдарды толғандырған сұрақтар аясында облыстық психикалық денсаулық орталығының медициналық психолог маманы Ақмарал Шариповамен сұхбаттасқан едік.

Психолог маман Ақмарал Мақсотқызының мәліметінше, жаһанды жайлаған кесірлі кесел қоғамның санасына ерекше әсерін тигізуде.

– Коронавирустық инфекцияның таралуы денсаулық сақтау, білім беру, спорт, экономика, өндіріс, тағы басқа көптеген салаларға ықпалын тигізді. Сонымен қатар, әдеттегі өмір салтындағы өзгерістер қоғамдағы адамның санасына да әсер етуі салдарынан, белгілі бір психологиялық реакцияларға әкеледі. Ол әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайды қабылдамай, керісінше, жоққа шығарғаннан бастап айқын мазасыздық пен эмоциональды күйзелуге әкеліп соқтырады. Үрей мен қорқыныш, мазасыздық пен уайым адамның психо-эмоционалдық жағдайына түзетілмейтін залал әкеледі.

– Эмоциялық күйзеліс синдромы және оның себептері–бұл ұйқының болмауы, туыстарынан қолдаудың жоқтығы, босаңсуы. Бұл жағдайға физикалық және психологиялық жарақаттар жиі себеп болуы мүмкін. Аурудың симпто­матикасы бірте-бірте көрінеді. Сондықтан, эмоциялық күйзеліс синдромына сәйкес келетін ескерту белгілеріне назар аударған жөн. Сіз, мүмкіндігінше, жүйке бұзылуына жол бермеу үшін оны уақытында түзетіңіз, — дейді ол.

Психолог маманның кеңесі бойынша, каран­тин кезінде күйзелістен арылтуда біріншіден, жалғыздық пен психологиялық оқшаулану сезімін азайту маңызды. Ол үшін телефон, ви­део қоңыраулар, мәтіндік хабарламалар арқылы оқшауланған адамдармен әлеуметтік байланыс- тарды сақтау керек. Ресми ақпарат көздерінен сенімді ақпараттармен бөліскен жөн екендігін де қаперге береді.

Бүгінде коронавирус індетінің таралуына бай­ланысты психолог көмегіне жүгінгендер болып­ты. Адамдардың жиі мазалайтын сұрақтарының бірі «ауырып қаламын ба?» деген қорқыныш, уайым екен. Сонымен қатар, экономикалық, оның ішінде қаржы жетіспеушілігі, әлеуметтік мәселелер және жұмыссыздықтың да әсері бар.

Психолог мамандар «күйзелістен арылудың бірнеше жолы бар» дейді. Бастысы – ертеңгі күннің жарқын боларына, барлық ауыртпалықтың кейінге қаларына сену. Ендеше, жақсылыққа үміт еткен осы сенімімізге селкеу түспесін.

Эмоционалды тұрақтылықты сақтаудың арнайы әдістері, стресті басқарудың бірқатар әдістері бар. Оларды қолдану ар­найы дайындықты, кеңістікті немесе көп уақытты қажет етпейді. Бес минуттан аспайтын жұмыстағы үзілістер кезінде қолдануға болады. Олар бұрыннан эмоционалды тұрақтылықты сақтаудың тиімді әдісі ретінде қалыптасқан. Ең бастысы – нұсқауларды қатаң сақтау және оларды дұрыс орындау.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button