Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шықты

0 30 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 312 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  77  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 32 адам ем қабылдауда» ,  – деп хабарлайды Atr.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

  Атырау облысында өткен тәулікте 31  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 жұмысшыдан, Құрманғазы-3, Мақат-1, Жылыой ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында  ауру симптомды түрде өтуде.
 Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа»  енді. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз