Жарнама
Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС КАДРЛАРЫНА – ҚАНАТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

— Бұл жерде зерек, әскери ғылымды білетін және тілдерді меңгерген, білімді офицерлер тәрбиеленуі керек, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар қорғаныс университетінің жаңа ғимараты әскери ғылымның ең заманауи талаптарына сай келетінін атап өтті.

— Мұнда зертханалар жұмыс істеп, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдер жүргізіледі, докторанттар даярланып, диссертациялар қорғалатын болады. Ең үздік әлемдік тәжірибелерді оқыту үшін университет оқытушыларды Ресейден және басқа елдерден шақырады, — деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы университеттің әскери мамандарды оқыту мен даярлау жөніндегі нақты жоспары жоқтығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әскери оқу орындары шетелдердің осындай оқу орындарынан үлгі алуы қажеттігін, олар жай ғана кәсіпқойларды емес, нағыз көшбасшыларды даярлайтынын айтты. Қазақстан Президенті Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимаратын пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін қазіргі заманда мемлекеттің ұрысқа қабілетті армиясы болуы керектігіне де назар аударды.

— Қазақстан өзінің сыртқы саясатының арқасында шекараның өн бойында тыныштықты қамтамасыз етті, қуатты одақтастар тапты. Бұған қоса, біздің мемлекетімізде қуатты, сақадай сай армия және парызына адал офицерлер болуы тиіс, — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық қорғаныс университетінің оқу үдерісінің мониторинг орталығын, оперативтік өнер кафедрасы мен кітапханасын аралап көрді.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.

Ұлттық қорғаныс университеті – магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буындары үшін әскери кадрлар даярлайтын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары әскери оқу орны.

akorda.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button