whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 3

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырауға келді (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Қоғам

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өндіріс орындарында болып, бірқатар өнеркәсіптік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Олар алдымен Қарабатанда орналасқан КРІ компаниясының өндіріс аумағына барып, құрылыс жұмыстарын қарап шықты.
Қазіргі уақытта  мұнай-химиялық кешеннің құрылысы 74 пайызға аяқталып отыр. Құрылысы 2021 жылы аяқталатын зауыт жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге қауқарлы. Өнеркәсіп іске қосылса, Атырауда пластикалық материалдардың заманауи түрлерін өндіруге, машина құрылысы, медициналық өндіріс, тұрба, жиһаз өндірісіне негізгі материал болып табылатын полипропилен шығарыла бастайды.

Одан кейін «KUS» компаниясының газтурбиналық электрстанциясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «АМӨЗ» нысанына барып, ондағы тазалау қондырғысының құрылысын көріп шығып, аталған компанияның онлайн түрде өткен компания қызметкерлеріне пəтер кілтін табыс ету  рəсіміне қатысты.

Сонымен бірге, «Самұрық – Қазына» АҚ ұлттық əл – ауқат қорының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің жұмыс сапары соңында қорытынды жиналыс өтіп, еншілес компаниялар ағымдағы жылдың жеті айында атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Жиын барысында жұмысшылардың қауіпсіздігі, жұмыс орындарын сақтай отырып, өндіріс орындарының жоспарға сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен экология және импорт алмастыру мәселелері айтылды.  

Сонымен бірге, KLPЕ, ТШО, KPI жəне мүгедектер қоғамымен арада келісімдерге қол қойылды.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 10 1
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 12
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 11 1
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 1
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 4
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 7
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 6
whatsapp image 2020 08 20 at 13.54.14 8

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған